Алматылық бойжеткен өзін ер адам ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған
Алматыда өзін ер адаммын деп көрсеткен бойжеткен ұсталды. Ол қала тұрғындарына қолжетімді баспана алуға көмектесемін деп уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 1997 жылы туған азаматша Б.-ны ұстады. Олар ерлер киімін киген бойжеткеннің өзін Асан деп таныстырып, азаматтардың сеніміне енгенін анықтады.
"Ол жоғары оқу орындарына грантқа түсіруге және жеңілдетілген баспана алуға көмектесуге уәде беріп, ақша алған. Сыйақы мөлшері көрсетілген "қызметке" байланысты, орташа есеппен 90-нан 800 мың теңгеге дейін ауысып отырған. Қазіргі уақытта 11 шағым түсті", - деді Алатау аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Құқық қорғаушылар ақшаны алғаннан кейін күдіктінің жасырынып жүргенін қосты. Оның әрекетінен зардап шеккен азаматтар полицияға 227 55 02 және 8 702 448 63 37 телефондары арқылы хабарласа алады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді