Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық келіншек бұрынғы күйеуінің қоқан-лоқысынан кейін елден кетуге мәжбүр болған

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова алматылық әйелдің бұрынғы күйеуінің қоқан-лоқысынан кейін елден кетуге мәжбүр болғанын айтты. Бұл туралы депутатқа келіншектің анасы мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

әйел

Ер адам отбасының ізіне түскендіктен, үнемі қорқынышта өмір сүретіндерін айтқан. Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы осы тектес жағдайлардың азаюына айтарлықтай әсер ететінін айтады. Оның айтуынша, мемлекет әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарастыру керек. 

"Мұндай қылмыс үйде орын алады. Отбасында болған нәрсені ешкімге айта алмайды. Мұны жасырудың керегі жоқ. Сондықтан Парламентке өткен заң жобасы қабылдануы керек", - деді депутат. 

Депутаттың пікірімен қоғам белсенділері де келіседі. Олардың айтуынша, заң жобасы өзгерген уақыттан бері әйеліне қол көтеру дерегі үш есеге, ал денсаулығына жеңіл зиян келтірудерегі екі есеге өскен. Бұл тек ресми деректер ғана. Құқық қорғаушылар әділ жаза болмағандықтан, әйелдер қылмыс туралы айта бермейді дейді. 

Жыл сайын Қазақстанда әрбір 12-әйел тұрмыстық зорлықтың құрбаны болса, 400-ден астамы кісі қолынан қаза табады екен. 

Талқылау