Алматылық ару Түркиядағы Miss Aura International сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды
Алматылық ару Лаура Мұхтар Түркияда өтетін сұлулар сайысында Қазақстан атынан қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Miss Aura International 2021 сұлулық сайысы 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталия қаласында өтеді. Сайысқа әлемнің әр түкпірінен 70-тен астам ару жиналмақ. Мiss Aura International "дарындылар сайысы", "шомылу киімдерінің дефилесі", "кешкі және ұлттық киімдер" секілді үш кезеңнен тұрады.
Сондай-ақ қатысушылар әлеуметтік және қайырымдылық акцияларына қатысады. Қазіргі уақытта Лаура байқауға белсенді дайындалып, ұлттық және кешкі бейнелерді іздеумен айналысып жүргенін айтты. Жалпы Лаураның аймақтық және халықаралық конкурстарға қатысу тәжірибесі мол екенін айта кету керек.
Бұған дейін ол "Алматы аруы – 2018" финалына дейін жетіп, онда "Спорт-дива" және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған.
Сондай-ақ ол Киевте өткен Miss Queen Europe – 2019 байқауында басты титулының иегері атанды. Сонымен қатар Лаура Лондонда өткен "Miss SSR UK UK – 2019" байқауында "II вице-мисс" атағына да ие болаған.
Ару Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қоюшы-режиссер мамандығына оқыған. Қазіргі уақытта ол хореограф, сондай-ақ киноға түсіп, модель болып жұмыс істейді.