Алматыдан ұшқан әуе кемесінде темекі шегіп, ұятты сөздер айтқан 19 жастағы бала жауапқа тартылды
Полицейлер Алматыдан Ақтөбеге ұшу кезінде темекі шеккені үшін 19 жасар қазақстандықты әуежайда қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушы өзінің әрекеті үшін 150 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін.
"Қолға түскен азамат әуе кемесінің ережесін өрескел бұзып, кеме капитаны мен экипаж мүшелерінің бұйрығын орындамаған, ұятты сөздер айтып сонымен бірге қоғамдық тәртіпті және жолаушылардың тыныштығын бұзған", – деді ведомство.
Жасөспірімге бірден үш әкімшілік хаттама толтырылған: әуе бортында темекі өнімдерін қолдану, мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін және ұсақ бұзақылық үшін. Бұзақылық бойынша материал сотқа жөнелтілген.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды