Алматыдан облысқа кеткендер карантинге жабылады
Алматыдан облысқа кеткендердің барлығы үй карантиніне жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарына қатысты. Үйдегі міндетті карантин екі аптаға созылады. Шешімге облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойды.
"Карантинді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері қоңырау шалу арқылы қадағалайды. Сонымен қатар, бұл қаулы жүктерді тасымалдау қажеттілігіне қатысты. Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданып, өңделіп, фумитациялануы керек. Герметикалық қаптамасыз жүкті тасымалдауға тыйым салынады", - деп атап өтті әкімнің баспасөз қызметі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы