Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет iStock-тан
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде зардап шеккен үш ересек адам барлық қажетті медициналық көмекті алуда.
"Үш науқас та жедел медициналық жәрдем ауруханасында медициналық көмек алуда. Бір науқастың жағдайы ауыр, екеуі орташа ауырлықта. Барлық пациенттер барлық қажетті ем-шараларды толық көлемде алады", - делінген хабарламада.
Жедел медициналық көмек көрсету орталығында зардап шеккен тағы төрт баланың бар екені де жеткізілді. Олардың жағдайы орташа, тұрақты.
Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар жер сілкінісі кезінде бастан кешкендерін айтып берген еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды