Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Cот күдікке ілінген Анель Сартаеваны қамаудан босатты

Таяуда Алматыда адам өліміне әкелген автобус апатына қатысы бар күдікті продюсер Анель Сартаева екі айға қамауға алынған. Бүгін сот үкімнің күшін жойып, оны үйқамаққа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz 

Жауапкердің адвокаты Қанат Әлсейітов желідегі парақшасында қамауға алмау туралы жеке шағым түсіргенін, сот оны қанағаттандырғанын мәлімдеді. Енді Анель Сартаева үйқамаққа жіберілген. 

"Қамау бойынша бұлттартпау шарасы жойылды, жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде Анель үйқамақта болып, баласына қарайды", – деді Қанат Әлсейітов.



Еске салайық, 26 маусымда Алматыдағы Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында болған жол-көлік апатынан кейін 16 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапқанын жаздық. Кейін 25 адам зарлап шеккені айтылды. Апат болған жерде автобусқа соқтығысқан Kia Sportage автокөлігін 28 жастағы Анель Сартаева басқарған. Ол Salem social media компаниясында "5:32", "Эскорт", "1286" сияқты танымал қазақстандық сериалдарға продюсерлік еткен.

Талқылау