Алматыдағы ұшақ апатынан мерт болғандардың аты-жөні анықталды
Алматы маңында орын алған әуе апатынан қайтыс болған әскерилердің аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
КазТАГ ХАҚ-нің мәліметінше, әскери ұшақ апатынан 1987 жылы дүниеге келген майор Ғабит Барлықбаев, 1987 жылы дүниеге келген аға лейтенант Досжан Баймұратов, 1995 жылғы Мұхтар Сағынтаев және 1986 жылы дүниеге келген (кейбір дерек көздерінше 1987 жылы туған) сержант Евгений Васильков дүниеден озды.
Айта кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.
Кейін белгілі болғандай, әуе борты апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
