Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тіс емханасында көз жұмған қыздың туыстары оқиға туралы айтып берді

Стоматологияда көз жұмған қыздың туыстары клиниканы мұқият таңдағанын, қарапайым процедураның қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екенін білмегендерін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Алматыда 22 жасар қыз ақыл тісін жұлдырып, тістеріне күтім жасамақ болған. Ару жақында тұрмыс құруы тиіс еді. Алайда ол стоматологияда көз жұмды. 

Анестезиолог қызға операция толық наркозбен жасалатынын ескерткен. Көз жұмған қыздың жігіті Артур Литвинов оны 3 сағаттан астам уақыт бойы стоматологияның алдында күткенін айтады. 

"Мен шамамен 15 минут күттім, содан кейін бір адам келді, өзін реаниматолог ретінде таныстырды, қазір оның есімі мен тегі есімде жоқ", – деді көз жұмған қыздың күйеужігіті. 

Клиникадағылар 22 жастағы алматылық қыздың өмірі үшін екі сағаттан астам уақыт күрескенін айтады. Олар медициналық орталықтың өзінің реанимация бөлімшесі болғандықтан, жедел жәрдем шақырмаған. Бірақ олар қызды аман алып қала алмады.

Алдын ала нұсқа бойынша, Мария анафилактикалық шоктан қайтыс болды, бірақ оның туыстары бұған сенбейді.

"Олардың не салғанын, қандай дәрі-дәрмек бергенін білмейміз. Олар ауырсынуды басатын дәрілер, ұйықтататын дәрілер салмаған. Олар бұл сынақтардың барлығын аллергия орталығында жасауы керек еді. Бірақ қызымды ол жаққа жібермеген", – деді марқұмның әкесі Александр Сергеев.

Емхананың өзі бұл оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 09:39
Талқылау