Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Сайран көлінің түбін тазалап жатқан экскаваторлар лайға батып қалды

Алматыдағы Сайран көлінің түбін тазалау кезінде экскаваторлар лайға батып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде лайға батқан техниканың видеосы пайда болды. Үш бірдей экскаватор лайдан шыға алмай қалған.

Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің мәліметінше, күрт жылынып, еріген су көлемінің ұлғаюына байланысты топырақ жұмсарған.

"Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан нысанда үш экскаватор тұрып қалды. Мердігермен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пайдалану бойынша ұсыныстар берілді", – делінген хабарламада.



Қазір батып қалған техниканы шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 13 наурызына дейін аяқталады, деп сендірді әкімдік.

Бұған дейін Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталғаны хабарланған болатын. Түбі мен жағасын лай, қамыс пен қоқыстан механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

 

Талқылау