Алматыдағы саябаққа Ататүрік атауы берілмек
Алматы қаласындағы атауы жоқ саябаққа Ататүріктің есімі берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: 3dduvarkagitlari.com/Мұстафа Кемал Ататүрік
Шешімді қала әкімі мен мәслихат депутатары бірлесе қабылдаған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
"Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", – делінген шешім жобасында.
Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Шешім жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған