Алматыдағы "Рахат" кондитерлік фирмасы басқа облысқа көшеді
"ЛОТТЕ Рахат" кондитерлік компаниясының басшылығы фабриканы Алматы облысына көшіру туралы шешім қабылдады. Компания 20-30 гектар жер учаскесін таңдап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Курсив” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания жаңа зауыт құрылысына 200 миллион доллар инвестициялауға дайын. Бұл қаражатқа кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтуға көмектесетін қосымша қуаттарды салуды көздеп отыр. Артық қалған қаржыны ішкі нарыққа да, экспортқа да бағыттау жоспарлануда.
Кәсіпорын басшылығы мыңға жуық жұмыс орнын ашып, өңірдің индустриялық дамуына үлес қосуға ниетті. Нысан 2030 жылдан кешіктірмей дайын болуы керек.
Қазіргі уақытта LOTTE Рахаттың екі зауыты бар: Алматы мен Шымкентте. Компания өкілінің сөзінше, алматылық өндірісті көшіру жоспарда бар, ал Шымкенттегі нысандар жұмысын жалғастырады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар