Алматыдағы өзен сабынды көбікке толып қалған: Қазгидромет суға талдама жасады
Қазгидромет мамандары Алматыдағы сабынды көбікке толып қалған өзеннің сынама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы Қарғалы өзенінің көбікке толып қалған суреттері жарияланған болатын. Қазгидрометтің хабарлауынша, талдау кезінде ластану анықталмаған.
"Су сапасына талдау 44 физикалық және химиялық көрсеткіштерге, оның ішінде негізгі иондарға, биогендік, органикалық және бейорганикалық заттарға, ауыр металдарға қатысты жүргізілді. Нәтижесінде су сапасының бірыңғай классификациясы бойынша заттардың шекті нормасынан асып кетпегені туралы хабарлаймыз", - дейді Қазгидромет.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаланың Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзеніндегі сабын көбігі бар видеолар таратылған болатын. Видео авторы ұнтақтың қатты иісі бар екенін хабарлады.
Қазгидромет Алматы өзеніндегі «сабынды судың» алғашқы анализдерін ұсынды. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары өзеннен жоспардан тыс су сынамасын жүргізді.