Алматыдағы "Нұрлы-Тау" бизнес-орталығында ер азамат терезеден секіріп мерт болды
Алматыдағы танымал "Нұрлы-Тау" бизнес-орталығының шатырынан ер адам құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам жедел жәрдем қызметі келмей жатып марқұм болып кетіпті. Қазіргі таңда оқиға орнында Ботсандық ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу жасағы тексеріс жүргізуде.
"Опат болған азаматтың кім екендігі анықталды. Ол 1971 жылы туған. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша ол 12 қабаттың терезесін ашып секіріп кетті", - делінген Алматы қалалық ПД-нің хабарламасында.
Оның бұл іске не себепті барғандығы және басқа да жағдайлар алдағы уақытта анықталатын болады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”