Алматыдағы құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты
Алматыда өнер мұражайының құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Қайғылы оқиға әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан жаңа өнер мұражайының құрылыс алаңында болған.
51 жастағы жұмысшы биіктен құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер оқиғаға орнына полиция мен жедел жәрдемнің келгенін видеоға түсіріп алған.
Қостанай облысында екі жұмысшының өліміне кінәлі құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапқаны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен