Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды
Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ortcom.kz
Оқиға 17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында Хан Шатыр ауданында, Әнет баба көшесінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 7 немесе 10-қабаттан құлап кеткен болуы мүмкін.
-
Павлодардағы сауда орталығында 4 жасар бала биіктен құлап кетті (видео)
-
Астанада күйеуі әйелін ұрып-соғып, кейін 10-қабаттан секіріп кеткен
Астана қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
"Мәйіттің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада 26 жастағы тергеуші әйел 9-қабаттан құлап көз жұмғаны туралы жазған едік.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"