Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты: Адамдар терезеден көмек сұраған (видео)
Алматыдағы Қожамқұлов көшесінде орналасқан Hotel Plaza Almaty қонақ үйінен өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінде мәлімдегендей, өрт туралы хабар 23:30 шамасында келіп түскен. Өрт қонақ үйдің жертөле қабатындағы саунадан басталған. Ал түтін ғимараттың барлық қабатына тараған.
"Қонақтар барлық терезеден көмек сұрады. Өрт сөндірушілер бірден құтқару жұмыстарын бастап кетті", – делінген хабарламада.
Адамдар үш өрт сөндіру және төрт жылжымалы баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Қаза тапқандар жоқ.
Өртті сөндіруге 42 өрт сөндіруші мен 14 бірлік техника жұмылдырылған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған