Алматыдағы кинотеатрда "шприцтер мен дәрі тамызғыштар" шашылып жатыр: Бейнежазба желіде дау тудырды (видео)
Желіде Алматыдағы Chaplin Cinemas кинотеатрында жерде шприцтер мен дәрі тамызғыштардың шашылып жатқан бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Инелердің ашық жатқан алматлықтардың үрейін туғызды. Себебі мұны көпшілігі есірткіге тәуелділер қолданып, тастап кеткен деп топшылаған. Алайда бұған әкімшілік бірден түсініктеме беріп, мүлдем олай емес екенін түсіндірді.
“4DX арнайы эффектісі бар 15 кинозалында қызметкер орындықтардың астындағы "жаңбыр" арнайы эффекттер жүйесіне техникалық қызмет көрсеткен. Арнайы эффект жүйесіне су пластикалық түтіктер арқылы беріледі. Өкінішке қарай, қызметкер қалдықтарды алып, жинап қоюды ұмытып кеткен. 21 шілдеде Алматы қаласы ІІД қызметкерлері кинотеатрға келіп, бейнебақылау камераларынын тексерді, құқықбұзушылықтар табылған жоқ”, – деп мәлімдеді Mega Center әкімшілігі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар