Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ірі жол апаты: Мас жүргізушіні тоқтатпақ болған әйел 102 нөміріне хабарласа алмаған

Алматыда 8 қыркүйек күні ірі жол апаты орын алды. Көлік тізгініне ие бола алмай қалған әйел Merсedes жүргізушісі тұрақтағы бірнеше көлікті соғып өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дтп

Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы 4 темір тұлпарға зиян келген (кінәлі азаматтың көлігін қоспағанда). Зардап шеккен жүргізуші алматылық ауруханаға жеткізіліпті. 

Куәгерлер жарақат алған азаматты көліктен шығарып үлгеріпті. Бұған қоса олар жүргізушінің мас болғанын айтады. 

Әлеуметтік желіде аталмыш оқиғаға байланысты жазба пайда болды. Алматы тұрғынының сөзінше, ол мас ер азаматтың көлікке отырып жатқанын көріп, тоқтатпақшы болған. 

"Не сұмдық? 102 хабарласып, жауап ала алмайсың! 112 нөміріне хабарлассаң, ешнәрсе істей алмаймыз дейді. Аяғын әрең басып тұрған мас жүргізуші көлікке отырып, Төле Би көшесі бойымен Әуезов көшесіне қарай жүріп кетті. Оны өзім тоқтата алмаған соң полицияға хабар беріп едім, телефонды ешкім көтермеді", - деп жазыпты Анна Щербакова есімді тұрғын.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізуде. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2020 09:54
Талқылау