Алматыдағы базарлардың бірінде өрт шықты (видео)
Алатау ауданындағы "Бақорда" базары маңында көлік дөңгелектері мен қоқыс өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 шілде күні сағат 12:32-де 101 пультіне Алатау ауданы, Ырысты 46/2, мекенжайында өрт шықаны туралы хабар түсті.
"Оқиға орнына жақын жерде кезекшілік атқарған өрт сөндіру бөлімшелері санаулы минутта жетті. Олар көлік дөңгелектері мен қоқыстың өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын 35 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнында 1 автоцистерна мен 5 өрт сөндіруші жұмыс істеді", - деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған