Алматыдағы барахолкада өрт шықты
Алматыдағы барахолкадағы "Кенжехан" базарында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кенжехан" базарындағы өрт түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды. Болжам бойынша, өрт 29 сәуір күні таңертең сағат 09.30 шамасында басталған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде жетіп, 9 минутта жалынды сөндірді.
"Өрт сөндірушілер екі қабатты үш контейнер (автобөлшектері бар) ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің көрші контейнерлерге таралу қаупі туындады. Өрт оқпандары дереу беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралармен өрт 9 минут ішінде оқшауланды", - деді ТЖД-де.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда