Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балабақшадалардың бірінде тәрбиеші баланы қатты жұлқылап, басынан ұрған

Әлеуметтік желіде баланы жұлқылап, басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдай Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Тәрбиешінің  балаға жұдырық жұмсағаны бейнебақылау камерасына жазылған. Бүлдіршінді білектің күшімен сабасына түсіргісі келген-тәрбиешінің көмекшісі. Ол әуелі баланы қатты жұлқып, кейін басынан ұрады. 30 жастағы маман кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты. Дегенмен мектепке дейінгі мекеме басшысы әйелді жұмыстан шығарғанын айтады.   

“Полициямен жұмыс жасалды. Кейін біз көмекшіні тәрбиешінің статья бойынша жұмыстан шығардық. Енді админстративное расследование жүріп жатыр жұмыс бабымен. Ол уже жұмысқа қатыспайды. Сол күні сразу біз ертеңгісін жұмысқа уже келдірмейтіндей іс-әрекеттер жасадық”, – дейді балабақша меңгерушісінің міндетін атөарушы Эльмира Исабекова.

Талқылау