Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерін көлік қағып кетті (видео)
Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полиция қызметкерін көлік қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуірде Алматы қаласының Медеу ауданында орын алды. “BMW” маркалы көлігінң жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, № 13 бақылау-өткізу пунктіндегі полиция қызметкерін соққан.
Полиция қызметкері жарақат алмады. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.
Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының ПБ әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді. Оқиғаның басқа мән-жайлары одан әрі заңға сәйкес шаралар қабылдау арқылы анықталады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды