"Алматыдағы ауруханаларда төсек-орындардың жартысынан көбі бос" - Бақытжан Сағынтаев
Алматыдағы ауруханаларда төсек-орындардың жартысынан көбі бос: 47 пайызы ғана қолданылып жатыр. Бұл туралы Almaty.tv арнасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз бүгін емдеуге тартылған клиникалардың санын 26-ға жеткіздік. Үлкен жұмыс атқарылды. Қазір КВИ-дан емдеу үшін 4464 медицина қызметкері жұмыс істейді, 1526 кадрлық резерв құрылды.
Төсек-орын қуатын алдағы бір жарым-екі айда 7710-ға жеткізгіміз келеді. Мысалы, Түрксіб ауданында қызмет көрсету орталығының базасында 500 орындық толыққанды клиника салынады", - деді әкім.
Бұған дейін Алматыдағы коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін түрік дәрігерлері келетіні хабарланған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр