Алматыдағы Атакент сауда орталығының маңында өрт шықты (видео)
Алматыда Атакент сауда орталығының аумағындағы дәмханадан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, әзірге дәмханадан үш газ баллоны шығарылған.
“Алматы қаласының өрт сөндірушілері Бостандық ауданындағы екі қабатты дәмханада шыққан өртті сөндіруде. Өрт сөндірушілер өрт орнынан үш газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада.
Сағат 21:41-де департамент өрттің толықтай сөндірілгенін хабарлады.
“ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"