Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өгей анасы 7 жасар қызды ұрып өлтірген: Сотта жеткіншектің қайтыс болғанға дейін бірнеше жарақаты болғаны айтылды

Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 7 жасар Карина Закураеваның өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы марқұмның денесін қарап шыққан сот-медициналық сарапшы куәгер болып, өлім себептері неден болғаны туралы қорытынды берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kzФото: Stan.kz

Айыпкер – қыздың 47 жастағы өгей шешесі, белгілі қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбек. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды өлтіру") бойынша айыпталған. Істі судья Ерлан Болатов қарап жатыр

Сот-медициналық сарапшының сөзінше, қыздың өліміне "ми затының көгеруі, бас миының қабықшаларының астына қан құйылуы, ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты нәтижесінде бас миының ісінуі" себеп болған. Зерттеу қыз қайтыс болған күннен бір тәуліктен кейін жүргізілген.

"Тексеру кезінде бас-ми жарақаты, мидың ауыр соққы алуы анықталды. Оң жақта уақытша париетальды түйін аймағының, сол жақта уақытша париетальды түйін аймағының ішкі жағынан бұлшықет-тері аймағына қан кеткен. Париетальды түйін аймағының бас сүйегінің сагиттальді тігісі бойында қабырға асты аймағында, сол жақ самайда, зигоматикалық сол жақ постурикулярлық аймақта көгерген жерлер бар. Бұл жарақаттар қайтыс болғанға дейін аз уақыт бұрын доғал затқа тигеннен болған және "денсаулыққа ауыр зиян келтіру" санатына жатады. Өліммен тікелей себепті байланысы бар", – делінген сарапшының қорытындысында.

Сонымен қатар сарапшы марқұм қыз иек, жақ және мойын тұсындағы басқа да жарақаттарын қайтыс болғанға дейін алғанын және ол жарақаттарға доғал зат себеп болғанын айтты. Оған қоса қыздың өлімінен 2-6 күн бұрын денесінде басқа да сызаттар мен көгерген жерлері болған.

Сарапшы куәлік етіп жатқанда күдіктінің адвокаты Татьяна Рыбалкина нақты нені доғал зат деп санауға болатынын сұрады. Сонымен бірге адвокат "қыз құлап, ваннаға бетін, басын соққан болса, дәл осындай жарақат алуы мүмкін бе? деп нақтылады.

"Доғал заттарға кез келген пышақ сияқты өткір емес, кеспейтін, тырнамайтын заттар жатады. Оған бізді қоршап тұрғанның бәрі жатады, Ол қол, аяқ, бұрыш, еден беті болуы мүмкін. Оның үстіне, беті доғал зат өлшеулі де, өлшеусіз де болуы мүмкін. Тексеру бойынша басындағы қан кетулердің мөлшері шектеулі екенін байқадық. Сонымен қатар қан кеткен жерлер анатомия тұрғысынан бастың түрлі бөлігінде орналасқан. Яғни доғал затпен бес рет жанасқан. Адам жуынатын бөлмеде құласа, әдетте бір ғана жанасу болады. Биіктен құлау дегенді мен жоққа шығарамын", – деді сот-медициналық сарапшы.

Еске салсақ, былтыр шілде айында Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікпен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек қамауға алынған еді.

Жеті жасар Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні азаматтық некедегі күйеуіне артқан еді. Сотта айыпталушы Балжан Тұрлыбек өгей қызына киім алып беріп, мектепке дайындағанын, би үйірмесіне жазып, жеке репетитор да жалдағанын айтты. Сонымен қатар ол Каринаның әкесімен отбасын құрған соң баланы асырап алуды жоспарлаған.

Бірақ айыпталушы сотта қыздың әкесі баланы кіші дәретін ұстай алмағаны үшін ұрып келген деді. Тіпті кейде 7 жасар қызды салқын душқа түсіріп, бақша қайшысымен ұрғанын, балконға қамайтынын айтқан.

20 желтоқсан күні болған сот отырысында судья Ерлан Болатов қыздың әкесі Бәкен Ғалымжанұлынан жауап алуға шақырды. Ол куәгер болды. Әкесі сотталушымен 2022 жылдың қыркүйегінен кісі өлтіргенге дейін, яғни 2023 жылдың шілдесіне дейін бірге тұрған.

Куәгер қайғылы оқиға болған күні, яғни 10 шілдедегі оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Айтуынша, таңғы сағат 08.00 шамасында әйелі екеуі оянған. Ол дүкенге кеткен кезде, қызы Карина да оянған. Балжан Тұрлыбек оларға таңғы ас әзірлеп берген. Содан кейін үйлеріне кабель тартып жатқан альпинистер келіп, көмек сұраған. Ер адам оларға көмектесіп жүріп бірнеше рет үйіне кірген кезде бәрі жақсы болған. Әйелі тіпті емханаға барып келген.

Талқылау