AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Алматыда тұрғын үй ауласының ортасына құрылыс краны құлап, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Жетісу ауданында болған. Тұрғындар кранның қалай құлағанын айтып берді.

“20 жылдан бері ауламызда құрылыс жүріп жатыр. Біз қаншама рет арыз жаздық, біресе тоқтатады, біресе қайта бастайды. Бұл жерде кран тұрған. Кранның басы тура үйімізге тіреліп тұратын еді. Кран үстімізге құлайды деп қанша рет арыздандық. Міне, кран құлады. Бір адам қаза тапты”, – деді жақын маңдағы үйдің тұрғыны.



Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан құрылысшылардың бірі қаза тапқан.

"Қаза тапқан – жұмысшы. Кран құрылыс алаңының ішінде құлаған. Олардың қоршауының дәл қасында балалар алаңы бар, ол кезде балалар ойнап жүрген. Бұл оқиға 20 минут бұрын болған. Жедел жәрдем келді. Бір адам зардап шекті. Сол жерде көмектесіп, басын таңып құтқарып қалдық, екіншісін, өкінішке орай, құтқару мүмкін болмады. Бәрі түсінікті. Барлығы біздің көз алдымызда, ауламызда болды", – деді тұрғын.

Алматы полиция департаменті адам өлімі туралы ақпаратты растады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр