Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда зілзаладан кейін метро жабылды

Алматыдағы күшті жер сілкінісінен кейін қауіпсіздік мақсатында метро жабылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы метрополитені

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі жолаушыларға маңызды үндеу жасады. 

“Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексереді. Осы орайда  Алматы метрополитені төтенше жағдайлар департаменті жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін, шамамен үш сағат ішінде қайта жұмысын жандандырады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланады. 

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі зілзала кезінде сирена дереу іске қосылғанын мәлімдеген еді. 

Сонымен қатар патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Талқылау