Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

Алматыда 11-15 желтоқсан аралығында "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына өтініштерді қабылдау басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

пәтер

Мегаполисте жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі  тұрғындар қатыса алады. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 11-15 желтоқсан аралығында өтініштер мен құжаттарды қабылдайтын болады.

“Өтініш пен құжаттар www.kezekte.kz сайты арқылы қабылданады. Сайтта авторизация "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ (ХҚКО) филиалынан алуға болатын электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтеді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 3 жыл мерзімге беріледі. Жалпы саны – Наурызбай ауданында 2 100 пәтер”, – делінген хабарламада. 

Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар мынадай :

  • 35 жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және техникалық, кәсіптік, орта және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болу шарт;
  • Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша 3 жылдан кем емес тұрақты тіркеуді растауы болуы керек;
  • Алматы қаласында өтініш берушінің 14 жастан асқан отбасы мүшелерінің тұрақты тіркелуі;
  • өтініш берушінің, жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының өтініш берудің алдындағы 5 жыл ішінде меншік құқығында, жалдау құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау;
  • соңғы алты айда кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға – 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес ай сайынғы табыстың болуы;
  • банктік жинақ шотында 40 айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға – 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес қалдық болуы шарт.

Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе негізінде (ең көп балл саны бойынша) жүргізіледі. 

Талқылау