Алматыда жүргізушісі жоқ автобус әйел мен баланы басып кете жаздады
Алматыда автобус пен автокөлік соғылған видео желіде пайда болды. Жүргізуші далаға шығып кеткен уақытта, авттобус өздігінен жүріп кеткен. Салдарынан әйел мен бала зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Автобус айнала бергенде артынан келе жатқан автокөлік оның артына кеп соғылған. Сол кезде автобус тоқтап, жүргізуші көліктің жанына кетеді. Бірақ ол көлік құралын тежегішке қоюды ұмытып, салонда жолаушысы бар автобус өздігінен жүріп кеткен. Жағдай анықталғаннан кейін ғана бұған қатысты шара қолданылады. Ал жол апатына себепкер болған көлік жүргізушісі оқиға орнынан із суытқан», – дейді ЖШС Бату Travel" Жолаушылар тасымалдау орталығы.
Кадрда автобус қозғалған уақытта әйелдің баласымен бірге есіктен шығып бара жатқаны байқалады. Қайта дер кезінде ар жақтан келген жігіт автобустың тежеуішін басып үлгерген.
Ал жарақат алған әйел мен бала бірден медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы бірқалыпты, үйлеріне жіберілді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады