Алматыда жүргізуші ер адамның бетіне оқ атқан (видео)
Алматыда ер адамның бетіне оқ атқан көлік жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі жәбірленушіні атып, оны тепкені анық көрінеді. Одан кейін көлігіне мініп кетіп қалған. Жәбірленуші оның артынан қуған. Бірақ жете алмаған.
Бұл оқиға Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Алдын ала мәлімет бойынша базарлардың бірінің аумағында екі жүргізушінің арасында ауызша жанжал туындап, салдарынан олардың бірі қарсыласының бетіне оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. Одан "ИЖ" газ тапаншасы тәркіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған