Алматы облысында жүк көлігі жүргізушісі итті байлап сүйреген (видео)
Талғар ауданы Еркін ауылында КамАЗ жүргізушісі итті көлігіне байлап, Айғаным көшесінде сүйреген азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Animal Security парақшасына сілтеме жасап.

Сурет: Animal Security түсірілімінен скриншот
Жүк көлігінің артына итті жіпке байлап, жүріп келе жатқан бейнежазба әлеуметтік желіге шықты. Алматы облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов құқықбұзушылық Талғар ауданының полиция басқармасында тіркеліп, мейірімсіздік танытқан көлік жүргізушінің анықталғанын мәлімдеді.
КамАз жүргізушісі 42 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"