Алматыда жол апатында ерлі-зайыптылар мерт болды: 18 жастағы көлік жүргізушісі қамауға алынды
Алматыда жол апатында ерлі-зайыптылар көз жұмды. Оқиғаға кінәлі деп танылған көлік жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматы облыстық полиция департаменті Қарасай аудандық сотының тергеу судьясының 13.07.2021 жылғы қаулысымен Алматы-Жандосов-Бесмойнақ автожолының 25 шақырымында 06.07.2021 жылы орын алған жол-көлік оқиғасы туралы күдікті Land Cruser автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісіне қатысты екі ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлайды”, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
- Шымкентте ер азаматты көлікпен қағып өлтіріп, тонап кеткен
- Байқаусызда көлік ішінде қалып қойған үш жасар бала ыстықтан көз жұмды
Қайғылы оқиға 6 шілдеде орын алды. Жол апатынан қайтыс болған ер адам мен әйелдің туыстары оқиғаның куәгерлерін іздеп жүргені хабарланды.
"Кәнсіл": Қазақстандықтар 2025-тің жыл сөзін таңдады
Stan.kz жүргізген сауалнамаға жазылған пікірде 2025 жылы болған атышулы оқиғалар мен танылған есімдер де бар
"2050 жылы 73-ақ мың теңге": Қазақстанда болашақта зейнетақы неліктен орташа көрсеткіштен екі есе төмен болмақ
Барлық жауапкершілік қызметкердің өзіне жүктелген дейді қаржы сарапшысы