Алматыда жол ақысын төлемей такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдер сотталды
Алматыда жол ақысын төлегісі келмей такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматының мамандандырылған сотында алқабилердің қатысуымен 2023 жылдың жазында жүргізушіні өлтірген кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық іс қаралды.
“Жасөспірімдер Шымкенттен Алматы бағытына такси шақырған (қызмет құны 40 000 теңге болған). Алматыға жеткенде олар жүргізушіге көп пышақ жарақатын салып, көлігі мен телефонын ұрлап алып кеткен. Алқабилер соты сотталушыларды ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (адамға қасақана өлім) бойынша кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысы 12 жыл бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Алматыда жол ақысын төлей алмаған кәмелет жасына толмаған екі бала әкелерімен құрдас ер азаматты өлтірді деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған едік.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"