Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз басқа қаладан табылды
Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысы Зоя Юркова Есік қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қоғамдастық еріктілер хабарлады.
"18 қыркүйек сағат 02.23-те “Көшбасшылар” еріктілер тобы іздеуді тоқтатып, Алматыға барады. Қызды Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Есік қаласынан тапқан екен. Аман-есен, дені сау, ата-анасына табысталады, енді ол өзі тұратын Қарасай ауданына үйіне жеткізілетін болады”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ еріктілер тобы іздеуге қатысқан, ақпарат таратқандардың барлығына алғысын білдірді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған