Алматыда жер сілкінісінен кейін такси бағасы аспандап, 10 балдық кептеліс пайда болды
Алматыда бүгін сағат 11:22-де болған жер сілкінісінен кейін қаладағы такси бағасы күрт өсіп, 10 балдық көлік кептелісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:pixabay.com
Жер асты дүмпуінен кейін такси жүргізушілері қысқа қашықтың өзіне бағаны көтеріп жіберді. Мысалы, Медеу ауданынан Әуезов ауданына дейін такси бағасы 3900-8700 теңгені көрсетіп тұр. Ал қаланың жоғарғы жағынан төмен жағына қарай жету үшін 4700-7560 теңге төлеуге тура келеді. Ал мекен жайыңыз Алматының сыртында болса, такси жүргізушілері қызметі үшін 12 830-22 440 теңге сұрайды.

Шаһардағы жанармай құю бекеттерінің маңында және қала ішінде көліктер кептеліп тұр. 2gis электронды анықтамалығындағы мәлімет бойынша, Алматыда сағат 21:49-де кептеліс деңгейі 10 балға жетті. Қала халқы діттеген жеріне жете алмай әлек.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"