Алматыда жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатыр
Алматыда прокуратура жедел жәрдем қызметінің жұмысындағы заңсыздықтарға қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді. Ол ведомстволық комиссиялық тексеру кезінде жедел жәрдем станциясының кейбір қызметкерлерінің жұмысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталғанын айтты.
"Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметіне комиссиялық тексеру жүргізілді. Барлық істер қосымша тергеу үшін прокуратураға өткізілді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымдарына келетін болсақ, ол мәселемен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді Сұлтанғазиева.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"