Алматыда жасөспірім қыздардың қатарласын жабылып ұрған видеосы тарады

Видеодан скриншот
Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында кішкентай қыздардың төбелескен видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Михаил Козачков біреудің төбелесті терезеден түсіріп тұрған видеосын жариялады. Мәлімдеуінше, оқиға 7 тамызда болған.
Көліктердің жанында төрт қыз бір қызға жабылғанын көруге болады. Екеуі қызды ұстап, біреуі ұрып, біреуі шашын тартқан.
Қостанай облысында жасөспірімдер қатарласын ыстық затпен күйдірген
Алматы полициясы жағдайға пікір білдірді.
“Осы оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Дауласушы тараптар мен оның мән-жайы міндетті түрде анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданады”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Таразда құрдасын қорлаған оқушының анасына айыппұл салынған еді.
Талқылау