Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Алматыда жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция 8 қаңтарға қараған түні Алматының Алмалы ауданында қылмыс болғанын айтты. Жасөспірім анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды.
"2005 жылы туған кәмелетке толмаған азамат жанжал салдарынан анасына бірнеше пышақ жарақатын салғаны анықталды. Әйел қаза болды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандармен психологтарды тарта отырып, тергеу шаралары жүргізілуде",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, баланың психикалық бұзылу белгілері бар.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ