Алматыда жас жігіттің мәйіті табылды
Алматыда тұрғын үй кешенінің бірінде жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаменті мәйіт бүгін кешкі уақытта Алматының Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінен табылғанын хабарлады.
"2004 жылы туған азамат С.-ның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның себебі мен мән-жайы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша басталған тергеу барысында анықталады", – деді Әуезов аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
Қазақстан халқына қоры миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейтін болды: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”