Алматыда жанжал кезінде полиция қызметкерін өлтіріп кеткен
Алматыдағы ауруханалардың бірінде пышақ жарақатын алған полиция қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Полиция қызметкері жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Аталған жағдай жұмыс уақытынан тыс кезде орын алған.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында тараған деректерге сүйенсек, оқиға “Пинта” барында орын алған. 1993 жылы туған полицей екі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген