Алматыда зейнеткерді жылатып, айыппұл салған полицейлер желі қолданушыларының ашуын тудырды

Алматыда зейнеткерге дөрекелік танытып, айыппұл салған полиция қызметкерлерінің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Желіде тараған видеода зейнеткердің әкімшілік құқық бұзушылық үшін тұтқындалғаны айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео авторының айтуынша, зейнеткер бір жарым келі ашытылған қырыққабат сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Зейнеткер қаржылық қиындықтарға байланысты сауда жасауға мәжбүр болғанын, үй жануарларын тамақтандыру үшін ақша табуға тырысқанын айтады. Қарияның зейнетақысы небәрі 75 000 теңге екен.
"Учаскелік инспектор әйелді полиция бөлімшесіне жеткізіп, оған қайталанған құқық бұзушылық үшін деп 21 000 теңге көлемінде айыппұл салған. Алайда әйелдің жанында сауда жасап тұрған басқа адамдарға ешқандай шара қолданылмаған", – делінген видеоның жазбасында.
Сондай-ақ видеодан полиция қызметкерінің көлік рөлінде телефонмен сөйлескенін, қауіпсіздік белдігін тақпағанын және әйелге дөрекі, орынсыз сөздер айтқанын көруге болады.
Желіде тараған ақпаратқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
“Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті