"Алматыда ұшаққа найзағай түсті": Әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын түсіндірді
"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшаққа найзағай түсті деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматы-Тбилиси бағыты бойынша 9 тамызда KC139 рейсін орындайтын ұшақ Алматы уақыты бойынша 20:30-да көкке көтерілген. Ұшаққа найзағай түсу қаупі болғандықтан, әуе кемесі қайтадан жерге қонуға мәжбүр болған”, – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақ қалыпты түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ.
Компанияның мәліметінше, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген жерге 00:40-та ұшып кетті. Ұшақ толық тексерілді, найзағайдың ізі табылмады. Ұшақ пайдалануға қайтарылды.
Бұған дейін Алматы-Тбилиси рейсіндегі жолаушы Алматыдан ұшқан ұшаққа найзағай түскенін хабарлаған.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған