Алматыда үйінен пышақ алып шығып, ауладағы жасөспірімге сұққан ер адамның қылмыстық ісі тоқтатылмақ болды
Алматыда жасөспірімдерге шабуыл жасап, бірін жарақаттаған ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылмақ болды. Полиция департаменті жағдайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Динара Мұратова желі парақшасынан
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде мас адамның екі жасөспірімге шабуыл жасағаны туралы тергеуді айтты. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген.
"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын ескере отырып, қылмыстық іс тоқтатылды және материал кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жеке іс жүргізуге жіберілді. Бұған Түрксіб ауданының прокуратурасы келісті", - деп хабарлады полиция.
Алайда, қазіргі уақытта полиция департаменті Алматы прокуратурасына қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің күшін жойып, оны қайта тергеуге жіберу туралы ұсыныс енгізді.
Еске салсақ, Алматыда мопед айдағаны үшін көршісі үйінен пышақ алып шығып, ауладағы жасөспірімдерге шабуылдағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Кейін пышақ сұққан жасөспірімнің туыстары әділдікті талап етті.