Алматыда "үнділік" коронавирус штаммы анықталды
Алматыда “үнділік” коронавирус штаммы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустың "үнді" штаммының айналымы ықтималдығы анықталды. Қазір толық геномдық ретке келтіру үшін қосымша уақыт қажет", – деді Сәдуақас Байғабылов.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда “үнді” штаммы 54 пациенттен алынған сынамалардың 56%-ында расталғаны хабарланды.
Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер қарастырылатыны белгілі болды.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас санитар дәрігеріне жаңа талаптар енгізуді ұсынды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді