Алматыда тұрғындар жолдың шұңқырына кілем төсеп қойған
Алматыда жол бойындағы шұңқырға кілем төселген видео желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото бейнежазбадан алынды
"Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, Айбергенова көшесі. Жергілікті тұрғындар ерекше әдісті қолданып, шұңқырды кілеммен жауып қоюды ұйғарыпты", – делінген хабарламада.
Алайда Наурызбай ауданының әкімдігі Айбергенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
"Жол желісін жөндеу аясында Айбергенов көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілген ескертулерді жою шаралары қабылданғанын хабарлаймыз. Сондай-ақ асфальт төсеу жұмыстары аяқталған", – деп хабарлады аудан әкімдігі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған