Алматыда тікұшақтың адамдарға жақын ұшып өткен сәті түсірілген видео тарады

Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Медеу шатқалында тікұшақтың адамдарға жақын ұшып өткен сәтінің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан тікұшақтың әуеге көтерілер сәтте адамдарға жақын ұшып өткенін көруге болады.
"Қазавиақұтқару" АҚ баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Тікұшақ "Медеу" спорт кешені аумағындағы ресми алаңнан алдын ала берілген өтінім бойынша жоспарлы ұшуды орындаған. Әуе көлігін ұшу тәжірибесі мол, біліктілігі расталған кәсіби пилот басқарған. Ұшуға дейін бортмеханик азаматтарға қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттігін ескерткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшу сәтінде желдің бағыты мен күші күрт өзгерген, бұл әуе кемесінің тұрақтылығына әсер етуі мүмкін. Қазір оқиғаның нақты себептері ішкі тексеріс аясында анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Ұшар алдында бортты техниктер тексеріп, ақау анықталмаған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген