Алматыда TikTok арқылы казино ұйымдастырғандар ұсталды
Алматы қаласында TikTok әлеуметтік желісінде казино мен ұтыстар ұйымдастырып, ақша алған тұрғындар ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторинг агенттігі қалалық департаментінің мәліметінше тұрғындар әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып келген. Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желіде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесі арқылы 13 миллион теңгеге жуық кіріс алғаны дәлелденген.
"Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда", – делінген хабарламада.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді