AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген 11 азамат босап шықты

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген 11 азамат босап шықты. Оларың жетеуі тергеу изоляторында, төртеуі ауруханада болған. Барлығы бүлік кезінде жарақат алған. Айтуларынша, тәртіпсіздіктерге еш қатыстары жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

босап шыққандар

"Мені азаматтық киімдегілер атып кетті. Қару ұстаған. Қолым ісіп кетті. Күдікке іліндім. Олар мұны митинг кезінде халыққа қарсы шықтың деп түсіндірді", - дейді ұсталғандардың бірі. 

Тағы бір күдіктінің сөзінше, күзет фирмасында жұмыс істейді. Қаңтар оқиғалары кезінде ол нысандарды аралауға шыққан.

"Жеке көлігіммен нысандарды аралап жүргенмін. Өзім күзет басшысымын. Нысандардағы жарық сөніп, қызметкерлер қауіпсіз жерде болсын деген пәрмен келіп түсті", - дейді ол. 

Тергеу изоляторының алдында ер адамдарды туыстары мен жақындары күтіп алды. Күдіктілерді ешқайда шықпау жайлы қолхатпен босатқан. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, барлығы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты тергелуде. Олардың құқығын "Аманат" қоғамдық комиссиясын құрған қорғаушылар коллегиясы қорғайды. Заңгерлер бейбіт шеруге шыққан қарапайым тұрғындар мен оқиға орнында болған азаматтардың қамалуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар қорғаушылар полицейлердің қызметін қадағалап, прокурорлармен бірлесе жұмыс істеуін тексереді. Қазір Алматының бір ғана изоляторында 250 күдікті бар. 

"Біз Алматыда бойынша ғана жұмыс істемейміз. Оқиғалар Қызылорда мен Тараз қалаларында да болды. Әріптестердің қолдауына үміт артамыз. Бұл жүйе бойынша жұмыс істейді. Тегін. Әзірге комиссия құрамын білмейміз. Құрылу деңгейінде", - деді қорғаушы Абзал Құспан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр