Алматыда тағы да барахолка өртенді
Алматыдағы барахолкада тағы да өрт шықты. Бұл жолы "Қазына" базары отқа оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

12 сағат:14 минутта басталған өртке 6 минутта ТЖД күштері мен құралдары жеткен. Санаулы минуттардың ішінде бірнеше екіқабатты контейнер жанып үлгерген.
Өрттің жақын маңында орналасқан контейнерлерге көшу қаупі туған. Барлау барысында ауданның сумен аз қамтылғаны хабарланып, өрт сөндіру автоцистерналарымен су жеткізу жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.
Оқиға орнында жедел штаб, 2 жауынгерлік учаскі құрылды. 40 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
ЖП күшімен жолды қоршау қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралармен 18 минут ішінде өрт оқшауланды, сағат 12:38-де контейнерлерге өрттің өту қаупі жойылды. 12:47-де ауыздықталды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр